Елде 4 мыңға жуық кітап үйі бар. Оның тек 272-і балалар кітапханасы. Осыдан-ақ біздегі бүлдіршіндерге арналған мекемелердің теңізге тамған тамшыдай екенін байқауға болады. Тіпті жалпы санының 10 пайызына да жуықтамайды. Ал кітап үйлерін тоздырып, табан құрғатпайтындардың дені жасөспірімдер ғой.

Иә, мойындау керек, барлық кітапханаларда балаларға арналған бөлімдер мен мамандар қызмет етеді. Алайда ақын-жазушылар мұны аздық етеді дейді. Балаларға бағытталған арнайы мекеме болуы шарт дейді. Сондай пікірдегі ақындардың бірі — Олжас Қасым.

Кітапхана ашумен қатар, күн тәртібінде тұрған тағы бір мәселе — балаларға бағытталған шығармалардың аздығы және қолда бар еңбектерді насихаттау ісінің кемшін түсіп жатқандығы. Кейіпкеріміз осылай дейді. Осы тұста статистиканы сөйлетсек, елдегі кітапханаларда 72 млн-нан астам кітап бар. Оның 8 млн-ы — балалар әдебиеті. Ал ана тілінде жазылған шығармалардың саны — 3 млн.

Балаларға арнап қалам тербейтін жазушылар және ақындар көп емес, дейтұрғанмен, бар. Алайда оларды насихаттау кемшін. Кейіпкеріміз тағы бір пікірінде осылай деді. Табиғатынан нәзік салаға қалам тербейтін қаламгерлердің қатары көп емес. Там-тұмдап түрлі туындыларды жаратып келеді.

Ілкімді істермен қатар, іркілістер де бар екенін айта кеткен жөн. Кейінгі екі жылды қарасақ, 2023 жылы балаларға арналған 24 кітап мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрді. Ал былтыр 26 туынды басылып, 78 мың данамен таралды. Биыл көрсеткіш артады. Бұл жайлы жауапты министрлік жоспарлап отыр.

 

/сурет ашық дереккөзден алынды

#Фастньюскз #балалар #кітапхана

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *