Өзгермейтін нәрсе, ол – руханият. Мысалы, кез келген адам өмірге келеді, өседі, мектепке барады, оқиды, жұмыс істейді…

Бірақ адамның алдында былай жүрсең – сот, былай жүрсең – прокуратура, былай жүрсең – ҰҚК, былай жүрсең – әскер, былай жүрсең – қаржы полиция¬сы, былай жүрсең – Ішкі істер министрлігі…

Бұлардың барлығы – адамды қорқытып, үркітіп тұратын машина. Оны орысша «машина давления» дейді. Олар да – қоғамда тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауға жұмыс істейтін орындар. Бірақ бұл қызметті атқаратын келесі сала – өнер мен ғылым. Өнер мен ғылым өз миссиясын дұрыс атқармаған кезде оған дін келіп қосылады. Оған дәстүрлі діндер ғана емес, әртүрлі ағымдағы діндер де араласып жатыр.

Біздің кей жастарымыздың дәстүрлі дінінен, ата жолынан адасып, басқа ағымдарға кетуі – сол білім мен өнердің жетіспегенінен. Ол адамдардың өнер мен білімнен, ғылымнан алыс тұрғанынан. Сондықтан, өнер бұрыннан бар, болған және болады да. Абай да «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегені сондықтан.
«Ай астындағы әңгіме» кітабынан..

Талғат Теменов,

театр және кинорежиссері, кинодраматург

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *