Ұлы Дала жорығы мәресіне жетті
500 шақырымға созылған жарыс жолын Астана қаласының командасы алғашқы болып кесіп өтті. Екінші кезекте Қырғыз халқының құрамасы келді. Үздік үштікті Ұлытау облысы түйіндеді. Маңғыстау, Алматы аймағынан келген атбегілер мен шабандоздар да жақсы нәтиже көрсетті.

/сурет ашық дереккөзден алынды
Жорық жайлы сағат сайын ақпарат таратқан белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов, «Ұлы дала жорығы дегенде осы идеологиялық мәнін де ескерен абзал»,- дейді.
Кенесары жүріп өткен жолмен…
Ұлы дала жорығының түпкі мәні осында. Бұған дейін ашық айтыла бермейтін. Бұл жолы жоба авторы Бақытжан Тұрлыбеков эксклюзивті сұхбат берді. «2005 жылы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқыдым. Осы романда суреттелгендей, Кенесары хан ел басына күн туғанда төрт мың әскер жинап, бір жұманың ішінде Торғайдан Созаққа жетеді. Осыны оқығаннан кейін маған «неге осы аралықты атпен жүріп өтпеске?» деген ой келді» — дейді.Ең алғашқы жарыс, сәйкесінше, Астанадан Түркістан қаласына дейін созылып, 1200 шақырымды құрады. Одан кейін әртүрлі қашықтықтарды сынап көрді. Ақыры бәйге марафон 500 шақырымға ықшамдалып, халықаралық форматтағы жарысқа айналды.Ұлы дала жорығы дегенде осы идеологиялық мәнін де ескерен абзал. Тіпті, бәрінен де маңыздысы осы. Әсіресе, әлгі жолмен шетелдік қатысушыларды, оның ішінде, ресейлік әрі қырғызстандық командаларын алып жүру деген түсіне білген адамға масқара дүние…,- деді журналист.