Семей шаһарында көрнекті жазушы, тарихшы-этнограф Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына орай Шәкәрім университетінде «Сөз ғұмыр» атты  республикалық байқау өтті. Аталған шараны Зейнолла Сәнік атындағы қор ұйымдастырды.

Алғашқы болып сөз алған Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры, ақын Серік Қалиев  жазушы шығармашылығын зерттеудің маңыздылығын жеткізді.

Ол:  — Зейнолла Сәнік бүкіл саналы ғұмырын баспа саласына, ел мұрасын жинауға арнаған, соңғы демі таусылғанша қолынан қаламы түспеген қарымды қаламгер. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара  жазушының   90 жылдық мерейтойына арналды. Бұл байқаудың бәсі де жоғары болады. Өйткені, еліміздің 12 оқу орынынан студенттер қатыстып отыр. Сондықтан байқау шарты үш кезең бойынша бағаланды, — деді.

Үй тапсырмасы бойынша жазып келген жыр шашулардың жоғары деңгейде жазылғаны тәнті етті. Екінші кезеңде жазба ақындар суырыпсалма өнерін көрсетті. Жазба ақындарға қолма-қол өлең шығару, ой көркемдігін және Зейнолла Сәніктің шығармаларының негізгі мәнін ашу тапсырылды. Көркемсөз оқу кезеңінде қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, қойылымдар көрсетілді.

      Аталмыш байқаудың қорытындысы Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Нұрай Қалиханова «Бас жүлде» — (500 000 мың теңге), иеленсе, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Секенов Бекарыс –  І орынды (350 000 мың теңге),

Шәкәрім университетінің магистранты Еженхан Талант және Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті студенті Орынбай Жақсыгүл қанжығалады (150 000 теңге) ІІ –орынды, ал жүлделі ІІІ -орынды  Л. Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті студенті Құралов Нұрбол,

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университет студенті Нұрай Талап, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық  университет студенті Рамазан Дәуренбекұлы ( 75 000 мың) жүлде қорына ие болды.

Шараға қатысушылардың өнерлі жастарға көңілі толқып, З. Сәнікұлындай қаламгердің өмір бойы жинақтаған аса бай білім қорына қызыға қарағандары  көңіл қуантады. Бұрынғылар «Ақырзаман жақындағанда өртейтін кітап болады, өлтіретін молда көп болады» деуші еді. Ал, Зейнолла өз дәуірінің бірегей тұлғасы болып қала береді.

Сөздің тоқетері: «Адалдық ардың ісі» деп адами құндылықты алтыннан биік қойған, айға қарап алдағысын, жұлдызға қарап жылдағысын болжаған ол аз десеңіз жыланның уынан да дәрі жасап, тасқа тіл бітірген, қыл аяғы қойдың құмалағын сөйлеткен қазақтың біртуар азаматы яғни Зейнолла Сәніктің «Сөз ғұмыры» ұлт сабақтастығының айқын дәлелі.

Н. НҰРБОЛАТҚЫЗЫ

Қостанай облысы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *