ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыстан көп дүниені аңғаруға болады. Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өткен жылғы жұмысына баға берді. Ілкімді істерді де, іркілістерді де айтты.

Жалпы жағдай жаман емес, алыс-беріс артты, халықтың тұрмысы түзеліп, тіршілік сапасы жоғарлады. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдегі ахуалдың күрделеңгеніне тоқталды. Мемлекет басшысы,
“Тарифтік шиеленістер мен санкциялық текетірестер күшейіп, мұның салдары ауырлай беруі мүмкін. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауды талап етеді”,- деді.
Рас, қысылтаяң сәттер алда, Үкімет үдеден шығатынына сенеміз. Бұл тұста ел президенті,

«Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», — деді.

Келелі кеңесте Олжас Бектенов бастаған бірнеше баяндамышылардың есебін тыңдадық. Солардың сапында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болды. Аймақ басшысы өңірдегі ақжолтай жаңалықтарды жеткізді. Ең бастысы ҚР Президенті Сыр өңірінде экономикалық серпіліс бар екенін айтып, Ел игілігі жолындағы атқарылап жатқан ауқымды жобалардың сапалы да кешенді түрде жүзеге асып жатқандығына оң баға беріп, биыл да алға қойған мақсаттарға барлық салада босаңсуға жол бермей қарқынды түрде жалғастыруды тапсырды.

Оған себеп те бар. Айтайық, бес жылда бізде 65 инвестициялық жоба іске қосылады. Меже орындалса, 1 трлн 900 млрд теңге сыртқы салым тартылады. Ілкімді істің игілігін бірінші кезекте ел көреді. Аймақта 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылады. Қазірдің өзінде, экономиканы әртараптандыру мақсатында өңірде 21 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл жайлы өңір басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы баяндамасында атап көрсетті.
“Аймақтың экономикалық өсімі 7%-ті құрады. Жыл қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Өзіңіздің қолдауыңызбен облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Мұнай қорының 15 жылдан астам төмендеуін ескере отырып, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық салаларымен қатар мұнай-газ өңдеу саласын әрі қарай дамытудамыз”,-  деді облыс әкімі.
Сыр өңіріндегі 2025 жылға жоспарланған ауқымды жобалардың іске асуына сәттілік тілейміз.
Әмірбек ШАЙМАҒАМБЕТОВ,
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *