Бүгін Қосшы қаласында шағын, шағын болса да құнды кеніштің үстінен түстік. Мақсатымыз – елдегі белгілі тұлғалардың қолындағы мұраларын өз рұқсатымен архив қорына қоса беру ғой. Бұған дейін жалғасып келген үрдісті одан ары ілгерілету. Бармақтай болса да архив қорына септігімізді тигізу.

Сол оймен Астана қаласының Мемлекеттік архиві, ғылыми-зерттеу және ақпараттық түсіндірме жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исахан бастаған, Хасан-Темір екеуіміз қостаған шағын да сәтті сапар болды.

Белгілі ақын, суретші, бірнеше музыка аспаптарын сөйлететін Аманжан Дүйсенғалиев ақсақал мен ол кісінің жары, балалар ақыны Нейлә Дүйсенғалиева архивке құнды құжаттары мен мұраларын тапсырды.
Ақынның жетінші класс оқып жүргенде салған суреттері көз тартады, ағамыз 83-ке, апамыз 77-ге келсе де рояль мен пианиноның құлағынан түспепті.

Жұп ақынның жазған-сызғандары, естеліктері, жырларының түпнұсқасы, суреттерін қабылдадық. Сонымен қатар, ақын өзі ұзақ уақыт пайдаланған Домра (Домра – орыс, украин және беларусь халықтарының үш ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Баяғыда Бату ханның домбырасына қарап жасап алған ғой, әлі де керекке жарайтын көне үлгідегі киноаппарат, кинопроекті, Сталин заманының телефоны құрылғысы, т.б. заттар бар.
Аманжан Дүйсенғалиев «Жанымның жағалауы», «Ойыл ырғақтары», «Қайнар бұлақ» туындыларымен, ал, жары Нейлә Дүйсенғалиева балаларға арналған «Кулачок без лени», «Пальчик-Мальчик» сынды кітаптарымен оқырман қауымға жақсы таныс.

Құнды деген құжат, өзге де дүниелер болса, бір жерде шашылып жатқан құжат, кітаптарды көріп қалсаңыздар – Хасан-Темір екеуіміз киген тымақтың бір тал қылын тұтатсаңыздар, лезде жетіп барамыз.

12. 02. 2025

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *