Қызыл кітапқа енген жанауарлардың тізбесі жаңартылды. Елде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлардың 227 түрі бар. Олардың 131-і омыртқалы және 96-сы омыртқасыздар. Бұл жайлы ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Бүгін үкімет мүшелері қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау жайын талқылады. Отырыста сала жетекшісі жойылып кетудің алдында тұрған жануарлар түрін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Зоология институтының биологиялық негіздемесінің материалдары бойынша тізбені жаңарту басталды. Бұл жұмыс Халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. Омыртқасыз жануарлардың 21 түрін тізбеден алып тастау және омыртқасыздардың 6 түрін және омыртқалы жануарлардың 5 түрін енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді. Жануарлардың сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген түрлерін сақтау бойынша ең тиімді кешенді шара ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) құру танылды, — деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ауданын ұлғайту жұмыстары да айтылды. Тәуелсіздік жылдарында ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бар көрінеді. Ведомствоның мәліметінше, бұрын мұндай аймақтар 869 мың гектар болса, қазір көлемі 30,9 млн гектарға дейін ұлғайған. Еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық популяциясы айтарлықтай өсті.

 

/сурет ашық дереккөзден алынды

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРБАРЫСЫНЫҢ САНЫ 2 ЕСЕ КӨБЕЙДІ

Қазір Қазақстанда 180 қарбарысы бар. Олар, Іле Алатауы, Көлсай көлдері, Алтынемел, Сайрам-Өгем, Жоңғар Алатауы, Шарын, Тарбағатай, Катонқарағай МҰТП, Қаратау және Батыс Алтай МТҚ және басқа қорықтарды мекен етеді. Ал бұл аймақтар мемлекет қорғауында. Қазір барыстар мекендейтін жерлердің шамамен 70%-ы ЕҚТА ретінде қорғалған. Оларды есепке алу, санақ жүргізу істері цифрландырылған. Фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады. Мәселен, 11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды.

/сурет ашық дереккөзден алынды

КИІК ТЕ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Елдегі киіктердің саны 4 млн-ға жетті. Ен даланың ерке жаратылысының популяциясы 2003 жылғы 21 мыңнан 2024 жылы 2 млн 833 мыңға өскен. Ал жыл басында ашатұяқтылардың саны шамамен 4 млн-ға жуықтаған. Қазіргі таңда әлемдік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді. Ал оралдық ғалымдар ақбөкендерді қолға үйретіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ жанында «Ақбөкен тәлімбағы» құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жоба биология ғылымдарының докторы Әлжан Шәмшінің жетекшілігімен жүзеге асуда. Бүгінгі атңда 60-қа жуық киік қолға үйретілген. Сондай-ақ, Ұлытау облысында 200-ден астам киік үй жағдайында өсіріліп жатыр. Ілкімді істің игілігі елдегі киіктердің көбеюіне оң әсер ететіні белгілі.

/сурет ашық дереккөзден алынды

ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫНЫҢ САНЫ АРТУЫ МҮМКІН

Келер жылы солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясынан 4 жолбарыс әкелінеді. Бұл туралы экология министрі мәлімдеді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *