Қызылорда облысындағы ауылдардың 92,8%-ы интернетпен қамтылған
Елімізде мыңнан астам ауыл ұялы байланыссыз әрі интернетсіз отыр. Жаһан жұрты ғаламтор игілігін тұтас көріп жатқанда, бұл аймақтардың тұрғындары виртуалды әлемнен әлі де тыс қалып отыр. Байланыс болғанымен, сапасы сын көтермейтін аудандар да бар. Мемлекет басшысы 2027 жылдың соңына дейін елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуды тапсырған еді. Жауапты министрлік жол картасын әзірлеп, жүйелі жұмыс істеуге бел буып отыр. Президент тапсырмасының орындалу барысын білу мақсатында жауапты тұлғаларға сауал жолдап көрдік. Бүгінгі жазбамызда Қызылорда облысындағы ауылдарды интернетпен қамту жайын талқылаймыз. Осы орайда, Қызылорда облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Дәурен Ыдырыспен сұхбаттастық.

/Сурет ашық дерек көзден алынды
— Дәурен Серікұлы, сұхбатқа келіскеніңізге көп рақмет. Алдымен өңір жайлы айтсақ, аймақта қанша ауыл бар және интернетпен қамту деңгейі қандай?

