Ешкімге ұқсамайтын, ұқсауға тырыспайтын, өзгелерден жүрісі мен тұрысы, киім киісі, болмыс-бітімі, ерекшелеу көрінетін шығармашылық адамы бар, ол – суретші!
Алыстан көз жүгіртіп қарайтын болсаңыз, суретшінің әр басқан қадамы, жүрген жолы көп адам түсіне бермейтін картина секілді. Картинаға көңіл бөліп, көз тоқтатып қараған адам ғана суретшінің ішкі әлеміне бойлап, жандүниесін түсіне алады. Шынтуайтына келгенде суреттің сөйлеп тұратыны тағы бар. Оған суретші Сәкен Ғұмаровтың салған суреттері дәлел бола алады.

Суретші туралы өнер жанашыры Жанболат Мұқанғалиев: — Сәкен Ғұмаров әулие адам болған. Сенбейік десек, оның салған әрбір картинасы дәл бүгінгі қоғамның келбетін көрсетіп тұр. «Мың сан шұғылалы сәулелер» деп аталатын бір туындысын ол 1987 жылы салған. Сол уақыттан бері өз құндылығын жойған жоқ, -деді.
«Өзге емес өзім айтам, өз жайымда» деп Қасым Аманжолов жырлағандай жарықтық Сәкен Ғұмаров өз күнделігінде: — Мен кенепті керемін де салатын суретке қарсы қарап, орындыққа отырамын. Сол кезде қолымды біреу ұстайды. Содан қолым еркімнен тыс өздігінен жүре бастайды. Тіпті артымда тұрған біреудің демін де сезінемін. Есімді білгелі сурет салумен айналысамын. Белгілі бір тақырыппен өзімді шектемеймін. Еркін суретшімін, тақырыбым да еркін. Ең сүйікті суретшілерім – Пикассо, Брак, Пауль Клес. Менде белгісіз нәрсеге құмартушылық басым. Сурет салған кезде әдемі әуеннің әсерін сеземін, -депті.
Сәкен Нәжімеденұлы 1991 жылы яғни ел тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, өз дүниелерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік алады. Алайда талантты ұлдың ғұмыры қысқа болды. Ол 1937 жылы БҚО Бөкей ордасында дүниеге келіп, 1995 жылы 6 қаңтарда өмірден озады.
Асан Хасан

суреттер ашық дереккөздерінен алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Елеулі есім

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *